Тарих және мәдениет ескерткіштерін киелі санап, ұрпақтан-ұрпаққа осы ескерткіштерді қастерлеу ұлттық дәстүрге айналып, ұлттық болмыстың негізін құрайды. Нысанның киелілігін анықтаудың маңызды шарттарының бірі – оған ғибадат ету мен зиярат етудің жанды тәжірибесі, халықтың тарихи жадының сақталу орны.
2022 жылдың 10 ақпанында Солтүстік Қазақстан кәсіптік -педагогикалық колледжінің студенттері «Абылай хан резиденциясы» мұражай кешеніне барды.
Экскурсияның мақсаты – нағыз патриоттық сезімді, туған жерге, өз Отанына деген сүйіспеншілікті, оның мәдениеті мен тарихына қызығушылықты тәрбиелеу.
«Төтенше жағдайлардан қорғау» мамандығының студенттері мұражай экспозициясымен танысып, Қазақ хандығының тарихы, қазақ жерінің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтауға бағытталған Ұлы Абылайдың рөлі туралы түсініктерін кеңейтті.